Экстремистік ұйымдар жастарға неге әуес?

/uploads/thumbnail/20170708212017649_small.jpg

Діндерді зерттеу орталықтары қауымдастығының жетекшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Юлия Денисенко экстремистік топтар жастарға неге қызығатынын түсіндірді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, экстремистік топтар өз қатарына дəл жас буынды көбірек тартуға тырысады екен. Жəне бұның себебі - жастардың аңғалдығында, білімнің аздығы мен отбасындағы проблемалар, бос уақыттың көп болуы дегенді алға тартты ол.

 «Негізгі себеп, жастар - қоғамның ең белсенді бөлігі. Кез келген жастың бойында əлі көпке жететін күш қуат бар, олардың денсаулығы да дұрыс, яғни, экстремистік топтар бір жасты өз қатарына қосса, ол адам бүкіл күш-жігерін сол ұйымға «қызмет етуге» жұмсай алатынын жақсы біледі. Тіпті, ол болашақта үрім- бұтағын түгелдей осы  ұйымға тартады деген теріс пиғыл бар. Яғни, экстремистік топтар  жастарды өз ұйымының «болашағы» ретінде көреді»,-дейді сарапшы.

Юлия Денисенко хабарлағандай, өз жетекшілік етіп отырған қауымдастық бұл проблеманың алдын алатын жоба əзірлеуде. Жоба əлі əзірленіп жатыр, дегенмен, оның аясында шамамен 50 жас дайындалып, өз қатарластарына экстремистік топтардан қалай сақтанудың, олардың сипатын анықтаудың жолдарын үйретеді.

Айта кетейік, бүгін Астана қаласы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы мен Астана қаласы əкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» ұйымы бірлесе отырып  «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру аясында жастарды рухани тəрбиелеу мəселелері» жөнінде дөңгелек үстел өткізген.

 

Қатысты Мақалалар