«Нұрбанктің» Қарағандыдағы филиалдарынің бірінің 19 жастағы күзетшісі басынан жарақат алып, ауруханаға түсті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Мәліметті облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар растаған.
«Науқас қазір жалпы палатаға жатқызылды. Өміріне ешқандай қауіп жоқ. Оның бас сүйегінің жұмсақ тіндері жараланған. Жағдайы тұрақты», - деген дәрігерлер.