Қытайда бас ауыстыру операциясы сәтті өтті (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708212124753_small.JPG

Бүгін Қытайда маймылдың басын ауыстыру операциясы жасалды. Отаны италяндық хирург Серджио Канаверо мен оның қытайлық әріптесі Жэнь Сяотин өткізді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы RT-ға сілтеме жасап.

Басы ауыстырылған маймыл ота өткен соң 20 сағат өмір сүрді. Сосын дәрігерлер оны ұйықтатып тастаған.

«Біз қаншама сын-пікірлерге қарамай оларға лайықты жауап бергенімізге қуаныштымыз. Мұндай операцияға сенбейтіндер көп еді», - дейді Канавероның өзі.

Оташы 2017 жылдың желтоқсан айында әлемде тұңғыш рет адамның басын ауыстыру бойынша операция жасамақ. Хирургтің көмегіне ресейлік IT маманы Валерий Спиридонов жүгініп отыр.

 

Қатысты Мақалалар