АҚШ-та бір ғасырлық тарихы бар көпір құлатылды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708212214051_small.JPG

АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы көпірдің құлатылған сәтін жергілікті тұрғындар видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Салынғанына 100 жылдан астам уақыт өткен көпір арнайы жарылыс жасау арқылы құлатылған. Алып көпірді құлатуға бірнеше секунд жеткілікті болған.

«Халтон» аталатын көпір өткен жылдың қазан айында оған балама жолдың ашылуына байланысты қажетсіз болып қалған. Жаңа көпір құрылысына 66 миллион қаржы жұмсалған екен. Штат басшылығы бұл сома ескі көпірді жөндеуге кететін шығыннан әлдеқайда аз екенін айтады.

 

 

 

 

 

Қатысты Мақалалар