Шымкенттіктердің адалдығы тексерілді (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708212215020_small.JPG

Шымкенттік пранкерлер тұрғындардың адалдығына әлеуметтік эксперимент жасады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

ВКонтакте желісіндегі Paparazzi Pranks тобында әлеуметтік эксперименттің видеоролигі жарияланды. Ролик авторлары Руслан Қанатбекұлы мен Тағай Нұралиев зағип жандар қателесіп, майдалап беру үшін 1 мың теңге орнына 2 мың теңге берген жағдайдағы тұрғындардың әрекеттерін сынамақ болған.

«Сіз, күнделікті өмірде екі мың теңге мен мың теңгені оңай ажырата аласыз. Ал, көзі көрмейтін зағип жан оны ажырата алмасы анық. Сол зағип жан, қателесіп қолындағы екі мың теңгені беріп, "мына мың теңгені ұсақтап бересіз бе", деп өтінді. Ал сіз не істейсіз?» деген сұрақ қояды идея авторлары.

Дәл осыған ұқсас эксперимент өткен жылдың жазында Астанада да өткізген еді. Онда эксперимент авторлары астаналықтардың соққы жеп жатқан қыз балаға қандай көмек көрсете алатындықтарын сынаған болатын.

 

 

 

 

 

Қатысты Мақалалар