Алматы облысындағы тікұшақ апатынан кейін санавиацияның барлық әуе кемелері тексерілетін болды

/uploads/thumbnail/20170708212339161_small.JPG

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде Алматы облысында тікұшақ құлауының себептерін тексеру жөнінде комиссия құрылды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, Үшарал - Талдықорған бағыты бойынша рейс атқарған әуе кемесі кеше 27 қаңтарда апатқа ұшырады. Тікұшақ бортында 5 адам: ұшқыш В.Кондратюк, 1970 ж.т.; дәрігер гематолог Б.Қайсанова, 1964 ж.т., фельдшер Г.Хамитова, 1993 ж.т., К.Әбілқасым - 1989 ж.т., Б.Әбілқасым - 2015 ж.т. болды. Қаза болғандардың денелері және тікұшақ сынықтары Талдықорған қаласы әуежайынан 18 шақырым жерден табылды.

2016 жылғы 27 қаңтардағы сағат 18:30-да (Астана уақытымен) алынған алғашқы хабарламаға сәйкес «Қазаэронавигация» РМК жеделхатында аталған борт экипажы 18 шақырым қашықтықта 500 метрге дейін биіктікті төмендету туралы баяндағаннан кейін қонатын жеріне келіп жетпегені айтылған.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі көлік прокуратурасымен бірлесе отырып, санитарлық авиацияның барлық әуе кемелерін түгелімен тексеруді бастайды.

Қайғылы оқиғаға байланысты ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар