"Астанадағы ІІД Күзет басқармасына қызметкерлер қажет" деген хабарлама әлемнің 105 елінде 40 тілде ғаламтор арқылы көнерген заттар мен түрлі ескі бұйымдарды сатумен айналысатын olx.kz сайтында жарияланды, - деп хабарлайды "Қамшы" порталы.
"Мемлекеттік органдағы жұмыс: ҚР ІІМ-не қабылдау жүріп жатыр" деген хабарламада болашақ полицейлердің айлығы 50 мың мен 100 мың теңгенің аралығында деп көрсетілген.
"Қызметке бойы 175 сантиметрден кем емес, әскери билеті бар және жасы 25-ке толмаған азаматтар қабылданады" деген хабарлындыруды осы уақытқа дейін екі мыңға жуық адам көрген.
Өзінің атын атамауды жөн көрген Н. есімді отставкадағы полковник "Бұл - полиция беделінің төмендеуіне әкеліп соғады. Кеңес заманында құқық қорғау органдарына қандай үлкен талаппен және қиындықтармен жұмысқа алатын" деп пікір қалдырған.
Пікір қалдыру