Пойыз апатынан жолаушылар зардап шеккен жоқ (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170708212553804_small.jpg

Кеше Маңғыстау – Алматы бағытында қатынайтын жолаушылар пойызы «Маңғышлақ-Бейнеу» учаскесінде «Адмгаз» ЖШС-ға тиесілі газ тасушы жүк көлігімен соқтығысып, газ тасушы көлік жүргізушісі қаза тапты, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Әнуар Шөжеғұловтың айтуынша, апат салдарын жоюға төтенше жағдайлар қызметі мен «Қазақстан теміржолы» АҚ-ның мамандары дер кезінде араласып, пойыз жолаушыларын қауіпсіз аймаққа алып шыққан.

«Атап айтқанда, апаттан соң пойыз құрамы дереу қосымша тепловозбен қауіпсіз қашықтыққа апарылды. ТЖД-ның 50-ден астам қызметкері, апат орнына жақын орналасқан елді мекендердің өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкері 40 тонналық газ тасушы көлік цистернасын салқындату жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыстарға арнаулы техникалар, оның ішінде, қалпына келтіруші пойыз, бес өрт сөндіруші техника жұмылдырылды», - делінген әкімдік таратқан баспасөз хабарламасында.

«Жолаушылар қауіпсіз қашықтықта, олар ыстық тамақпен, жылы киім-кешекпен қамтамасыз етілді. Соқтығысу кезінде пойыздың жолдан шығып кетуі орын алған жоқ, теміржолға нұқсан келмеді. Жағдай толықтай бақылауда. Маңғыстау облыстық ТЖД мәліметтеріне сай, экологияға еш қауіп төніп тұрған жоқ», - дейді облыс әкімінің орынбасары Әнуар Шөжеғұлов.

Сондай-ақ, облыста осы оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Ә. Шөжеғұлов басшылық ететін жедел штаб құрылған.

Қатысты Мақалалар