Кузнецов 8 жылға сотталды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708212558460_small.jpg

Алматыда «Чукотка» мейрамханасында Сырым Мұратқалиев есімді азаматтың өліміне себепкер деп айыпталған Александр Кузнецов 8 жылға бас бостандығынан айрылды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Прокурор айыпталушыны 8 жылға бас бостандығынан айыру туралы сұранысы сотта қанағаттандырылып, Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлімі бойынша кінәлі деп танылған А. Кузнецов сегіз жылға бас бостандығынан айрылды. Ол жазасын жалпы режимдегі түзеу мекемесінде өтейтін болады.

Естеріңізге салсақ, 6 наурыз күні дәмханада болған кикілжіңде С. Мұратқалиев ауыр соққыдан қаза болды. Осы іс бойынша өткен алғашқы сот инстанциясы айыпталушыны «Абайсызда кісі өліміне себепкер болды» деген айыппен бір жарым жылға бас бостандығынан айрылған болатын. Айыпталушы тарап бұл жазаның өзін әділетсіз деп санаған болатын. Алайда, болған жағдайға қатысты қосымша мәліметтер анықталып, іс қайта қаралды. Сот отырыстарында сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеу кезінде полицейлер тарапынан жіберілген бірқатар кемшіліктер де анықталды.

Ескерту: Видео tengrinews.kz сайтынан алынды.

 

Қатысты Мақалалар