Назарбаевтың рөлін сомдаған актер депутат болуы мүмкін

/uploads/thumbnail/20170708212617992_small.jpg

«Елбасы жолы» фильмінде Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін сомдаған актер Нұрлан Әлімжанов «Нұр Отан» партиясының тізімімен Мәжіліс сайлауына қатысуы мүмкін, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясының ХҮІІ съезі өтуде. Съезге партия төрағасы, ел Президенті Н. Назарбаев қатысуда.

Саяси жиын партияның сайлауалды бағдарламасы мен партиялық тізімін жариялайды деп күтілуде. Мәжіліс сайлау үшін түзілетін ттізімге 127 адам енгізіледі деп жоспарлануда. Олардың арасында боксшы Серік Сәпиев, актер Нұрлан әлімжановтың да есімдері аталуда.

Съез жұмысына сондай-ақ, кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин де қатысуда.

 

Қатысты Мақалалар