Парламент үйі концерт залына айнала ма?

/uploads/thumbnail/20170708212613257_small.jpg

Теңгенің құны түскенінен гөрі, Мәжілістің бесінші шақырылымындағы депутаттардың мезгілсіз орындарынан кеткені көп әңгіме боп кетті бұл күнде. Қайсысының құнын қайсысы түсірді білмеймін, бірақ, ендігі отыратын кісілердің бағасы қандай, салмағы бар ма, сөзі ауыр ма, құны бар ма деген мәселе өткір болып тұр. Неге өткір болмасын, Үкіметке сөзі өтетін, атқа мініп алшаңдаған кез-келгенді атынан түсіре алатын, мінгізе де алатын солар тұрса. Экс-әкімдер мен Елбасыға көңілі жақындар толып отырған Сенатты былай қоя тұрсам, Мәжіліске енді кімдер сайланады деген сұрақ менің де басымды ауыртып жатыр. Ауыртпай ше, белгісіз біреулер, беделсіз әртіс, түсініксіз әнші, атағы бар спортшыны да солай сүйремекпіз, айтары бар азаматтар сонда үйінде отырып, анау "өнерпаз" депутаттардың Парламенттегі концертін көрмек пе?...

Ерлан Төлеубайдың «Фейсбуктегі» парақшасынан алынды

Қатысты Мақалалар