Мұхтар Шаханов ЖСДП съезінің аяғын күтпей кетіп қалды

/uploads/thumbnail/20170708212922916_small.JPG

Ақын Мұхтар Шаханов Алматыда өтіп жатқан Жалпыұлттық социал-демократиялық партия съезіне келіп, аяғын күтпей шығып кеткен, - деп хабарлайды "Қамшы" порталы Азаттыққа сілтеме жасап. 

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) бүгін Алматыда өткізген съезде партия атынан кезектен тыс парламент сайлауына түсетін адамдардың тізімін бектті. «Көктөбе» демалыс кешенінде екі жүзге жуық адам қатысқан съез шешіміне сәйкес сайлауға түсетін 27 кандидаттың арасында Зәуреш Батталова, Балташ Тұрсымбаев, Әмірбек Тоғысов, Петр Своик, Уәлихан Қайсар, Ермұрат Бәпи, Құрманғазы Рахметов, Бақытгүл Мәкімбай, Ғабиден Жәкей сынды бұған дейінгі сайлаулар кезінде жұртшылыққа танылған адамдармен бірге Асхат Рақымжанов, Жанат Есентаев, Рахым Айыпұлы, Тазабек Сәмбетбай сияқты парламент сайлауына жаңадан түсіп жатқандар бар.

Сонымен бірге партия тізіміне енгізу жөнінде алдын ала келісілген кейбір адамдар сайлауға қатысуға ықтияр білдірмеген.

– Ақын Мұхтар Шаханов бүгінгі жиынға келгенімен, белгісіз себептермен кетіп қалды. Жазушы Мереке Құлкенов партиялық тізім бойынша сайлауға қатысудан бас тартты, - дейді ЖСДП баспасөз хатшысы Тазабек Сәмбетбай.

Бұған дейін 2012 жылы қаңтарда өткен парламент сайлауына ЖСДП «Азат» партиясының қолдауымен қатысқанымен, қажетті дауыс «жинай алмаған» еді.

Қатысты Мақалалар