«Нұр Отанның» сайлауалды штабын А. Мырзахметов басқарады

/uploads/thumbnail/20170708212931588_small.jpg

Бүгін «Нұр Отан» партиясының республикалық сайлауалды штабы өз жұмысын бастады. Бұл туралы бүгін партияның орталық аппаратында өткен брифингте партия Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов мәлім етті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Штаб жұмысының міндеті - «Нұр Отан» партиясының парламенттік және мәслихат сайлауында айқын жеңісіне қол жеткізу», - деді А.Мырзахметов.

Штаб құрамына танымал партия және қоғам қайраткерлері, партияның Саяси кеңесінің мүшелері кірген. Мұнан бөлек, өткен сайлау науқандарына қатысып, мол тәжірибе жинаған азаматтармен қатар штба құрамына жастар ұйымдарының белсенді өкілдері де кіріп отыр. Партия төрағасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен «Нұр Отанның» сайлауалды штабын басқару Асқар Мырзахметовке жүктелген.

А.Мырзахметовтің айтуынша, «Нұр Отан» партиясы биліктегі басымдыққа ие және жауапкершілігі мол саяси күш ретінде өз сайлауалды бағдарламасында жаңа үдерістерге жауап беретін және бірлік, тұрақтылық пен жасампаздықты қамтамасыз етуге бағытталған Елбасы анықтап берген мемлекеттік бағдарды жүзеге асыру жөніндегі алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін нақты межелерді белгіледі.

Бүгінгі таңда партияда түрлі әлеуметтік топтарға жататын тұрғындармен нақты іс-қимыл жоспары әзірленіп, республикалық желілік кестесі қабылданды, медиалық жоспары бекітілді.

Еліміздің барлық өңірлерінде сенімді өкілдер мен партия белсенділерінің жұмысын үйлестіретін дәл осындай сипаттағы 16 аймақтық және 208 аумақтық штаб құрылмақ. Олардың құрамына 3,5 мыңнан аса адам кіреді. Барлық штабтардың жұмысын 29 мыңнан астам сенімді өкіл, сонымен қатар 27 мыңнан астам партия белсендісі қатысатын болады.

 «Қамшы» сілтейді

Қатысты Мақалалар