Қытай қазақ радио сайтының хабарлауынша 30 қаңтар күні АҚШ теңіз әскерінің «Велбо» атты әскери кемесі Қытайдың Шиша теңіз аралдарына заңсыз кірген. Ал Қытай тарапы болса Аралды қорғап тұрған әскери қосыны мен Теңіз әскерінің күшін пайдаланып АҚШ әскери кемесін тоқтатып, құжаттарын тексерген. Қытай Қорғаныс министрлігі Баспасөз қызметінің өкілі Яң Юйжіннің мәлімдеуінше, АҚШ-тың бұл әрекеті Қытайдың территория тұтастығына қол сұғу болып саналады. Сондай-ақ, мұндай әрекет Халықаралық ұйымдар тарапынан қатаң айыпталуы тиіс делінген.