30 қаңтар күні Түркияның Батыс Егей теңіз аймағында босқындар отырған кеме суға батып, 39 адам мерт болған деген мәлімет тараған. 17 метрлік бұл кемеге Сирия, Афғанстан, Бирма қатарлы елдерден келген босқындар отырған көрінеді. Олар Түркиядан Грецияға қарай бағыт алған деп хабарлады түркиялық ақпарат көздері. Қазіргі мәліметтерге қарағанда Түркия құтқару қызметі 62 адамды құтқарып үлгерген.