«Қызылорда-Павлодар» автожолында 15 адам құтқарылды

/uploads/thumbnail/20170708213017948_small.jpg

31 желтоқсанда сағат 01.45-те Ақсу ауданының аумағындағы Қалқаман кентіне жақын жердегі «Қызылорда-Павлодар» автожолында «Өскемен-Степногор» бағыты бойынша жүріп бара жатқан шағын автобус сынып қалу салдарынан тоқтап қалды.

Қалқаман күрежолдық медициналық-құтқару пунктінің күштері  автобустағы 15 жолаушыны ауылдағы орта мектеп ғимаратына эвакуациялады. Адамдар ыстық шаймен қамтамасыз етілді, ауылдағы медицина қызметкерлеріне қаралды, деп хабарлайды Павлодар облысы ТЖД.  Зардап шеккендер жоқ.

Сағат 10.40-та автобус жөнделгеннен кейін, жолаушыларды отырғызып бағыты бойынша өз жүрісін жалғастырды.

Қатысты Мақалалар