Қытайда ірі қаржы пирамидасы жабылды

/uploads/thumbnail/20170708213335529_small.jpg

Ezubao кредиттеуге арналған интернет-платформаның қызметін тергейтін Қытай полициясы 21 жастағы күдіктіні ұстады, тергеу жүргізу уақытында компанияның 50 млрд юань (7,58 млрд доллар) активтері құрсауланды, - деп хабарлайды "Қамшы" порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ezubao жұмысы Понци схемасы бойынша құрылған, алғаш рет салымшылар жаңа инвесторлар тарту есебінен жоғары пайыздар алады, деп хабарлады ТАСС.

«Ezubao «Понци схемасы» болып табылады, - деп мәлімдеді оның бұрынғы президенті Чжан Минь, ол қазір тұтқында. Оның айтуынша, компанияның негізін қалаушы Дин Нин (бұл да ұсталған) «мұны білген».

Ezubao 2014 жылы құрылған. Компания қаржы өнімдерінің алты түрін ұсынып, жылына 9 пайыздан 14 пайызға дейін табысқа қол жеткізді. Өткен жылғы желтоқсанда платформа салымшыларының саны 900 мың адамды  құрады, олар салған қаражаттың жиынтық көлемі 74, 56 млрд юаньға (11,30 млрд доллар) жетті.

Құқық қорғау органдары компания қызметін тексере бастағанда, оның басшылығы жер астына 1,2 мың есеп-қисап құжаттарын жасырып қойған. Оны қазып алу үшін полицейлер 20 сағат кетірді. Операцияға екі экскаватор тартылды.

Қытайда банктік депозит бойынша ставкасы салыстырмалы түрде төмен болатын клиенттерді алдау жағдайлары жиі кездеседі.  Жоғары табысқа дәмеленген олар қаражат салады. Алайда ол түрлі қаржы пирамидалары, заңсыз инвестициялық қор болып шығады. Таяу уақытқа дейін Қытайда жеке банктер болмағаны, жеке тұлғалармен шетел банктерінің жұмысы шектелгені  жағдайды күрделендіре түсті,  сондықтан соңғының қаражатына бәсекелестігі жергілікті банктік салада төмен болды. Си Цзиньпиннің басшылық етуімен ҚХР жаңа басшылығы банктік секторды ырықтандыруға кірісті.

Қатысты Мақалалар