Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің құжаттарын қабылдай бастады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы 24.kz-ке сілтеме жасап.
Алғашқылардың бірі болып бүгін нұротандықтар ұсынылған тізімді тапсырды.
Естеріңізге салайық, кеше партияның XVII съезінде саяси науқанға қатысатын 127 адамның есімі белгілі болған еді. Бүгін олардың партия тізіміне енгізу туралы өтініштері, өмірбаяндық деректері, өздерінің және жұбайларының табысы мен мүлкі туралы декларациялары және өзге де құжаттары Орталық сайлау комиссиясы жұмыс тобының қарауына өтті. Тағы бір айта кететін жайт, сайлау заңнамасына сәйкес, «Нұр Отан» партиясы өткен саяси додада сайлаушылардың жалпы санының 7%-дан астам дауысын жинағандықтан, сайлау жарнасын төлеуден босатылды.
Мәди Оспанов, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппарат жетекшісінің орынбасары:
- Бүгін біз 127 құжат тапсырдық. Енді оны Орталық сайлау комиссиясы тексереді. Тіркеуін күтеміз.