Пентагон Ресей ұшағының тағы да Түркия әуе кеңістігін бұзғанын растады

/uploads/thumbnail/20170708213556922_small.jpg

Американдық әскери ведомство мәліметтері ресейлік әскери ұшақтың Түркияның әуе кеңістігін бұзғанын растайды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап.

«Біз болған жайдан хабардармыз және кеше ресейлік тағы бір ұшақ Түркия мен НАТО-ның әуе кеңістігін бұзғанын растай аламыз», - дейді Пентагон өкілі Марк Райт.

Сондай-ақ, ол бұл мәселеде ресми Мәскеу мен Анкараның тиісті диалог жүргізіп, жағдайдың шиеленісуінің алдын алуы маңызды екенін айтады.

Бұған дейін, 30 қаңтар күні Ресейдің Су-34 әскери ұшағы Түркияның әуе кеңістігін бұзғаны хабарланған болатын.

Қатысты Мақалалар