Алматыда уланған мектеп оқушыларының ата-аналары шу шығаруда (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708213611297_small.JPG

Алматыдағы №126 орта мектептің он үш оқушысы сенбі күні көзден жас ағызатын аэрозольді баллоннан уланып, ауруханаға түскен болатын. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, сегізінші сыныптың бір оқушысы мектеп дәретханасында аэрозольді баллонды шашып, содан жоғары сыныптың екі оқушысы мен 7,8-сыныптың 11 оқушысы уланған. Аталған оқиғаға байланысты оқушылардың ата-аналары мектеп мұғалімдерін кінәлап отыр, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы «КТК» арнасына сілтеме жасап.

Ата-аналар мектеп мұғалімдері балаларды дер кезінде сыртқа шығару орнына кабинеттерге қамап қойған деп айыптауда. Л, газды балоннан уланған оқушылардың бірі жансақтау бөліміне жатқызылса, қалғандарының жағдайы «орташа ауыр» деп бағаланып отыр.

Қатысты Мақалалар