Талдықорғанда 30 жастағы еркек бес кемпірді зорлаған

/uploads/thumbnail/20170708213636000_small.jpg

Талдықорған қаласында полиция егде жастағы 5 зейнеткеді зорлады деген күдікпен 30 жастағы азаматты тұтқындады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы "NewTimes.kz-ке" сілтеме жасап.

Күдіктінің қолынан зардап шеккендердің ең кәрісі 94 жастағы кейуана  көрінеді.

Алдын-ала тергеу барысында жүргізілген медициналық және молекулярлық-генетикалық сараптамалар ұсталған Алакөл ауданының тұрғынының аталған оқиғаларға қатысы барын растаған. Тергеу анықтағандай, қаскүнем жігіт жәбірленушілерді бірнеше күн бойы аңдып, түрлі себеппен алдап үйлеріне кіретін болған. Үйге кіріп алған соң зейнеткерлерге зорлық жасап, бағалы заттарын тонап келген.

Басылым қазір бұл қылмыстық істің Талдықорған сотының қарауына түскенін айтады.

Қатысты Мақалалар