Рамзан Қадыровтың М. Касьяновты «нысанаға алған» видеосы әлеуметтік желіден өшірілді (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708213645735_small.jpeg

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерге әуестігін танытып жүрген Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өзінің Инстаграмдағы парақшасынан Ресейдегі ПАРНАС партиясының жетекшісі Михаил Касьяновқа қоқан-лоққы жасап жариялаған видеосын өшіріп тастады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы «РИА Новостиге» сілтеме жасап.

Шешенстан басшысы бұған дейін әлеуметтік желіге саясаткер М. Касьяновтың журналист Владимир Қара-Мырзамен сөйлесіп тұрғаны түсірілген видеосын жариялаған болатын. Түсірілім кезінде бейнекамераның объективіне қарудың оптикалық көздеуішін бейнелейтін фильтр қойылған. Видеоға Р. Қадыровтың өзі «Касьянов Страсбургке Реей оппозициясына ақша алу үшін келді. Түсінбегендер түсінеді» деген мәтін жазған.

Аталған видео жарияланысымен, Ресейдегі оппозициялық күштер мұны М. Касьяновқа ашық қоқан-лоққы жасау, өміріне қауіп төндіру деп бағалаған болатын. Ал, Қадыров болса, ресейлік оппозициялық күштерді дағдарыс кезінде ұпай жинауды көздеген «зиянкестер» деп айыптаған еді.

Қатысты Мақалалар