Асқар Жакулин дүниеден озды

/uploads/thumbnail/20170708213839877_small.jpg

Қазақтың аяулы ұлы, асылдың сынығы Асқар Жакулин дүниеден озды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Қаралы хабарды Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында журналист Болат Мүрсәлім жариялады.

«Бүгін таңертең Бейжіңнен қаралы хабар келді. Елу бір жасқа қараған шағында ауыр науқастан Асқар Әнуарұлы Жәкулин дүниеден өтіпті», - деп жазады Б. Мүрсәлім.

Жәкула Күшікұлындай арыстың ұрпағы Асқар Жакулин Қытай жерінде дүниеге келіп, Германияда білім алған. Қазақстанға келіп қызмет еткен ол «Ас-ай» компаниясын құрған. Қытайдағы ең алғашқы «Ауыл» сайтының негізін қалаушы. Көптеген ғылыми, мәдени жобаларға демеушілік жасаған арда азаматтың артында бір ұл, бір қызы қалды.

 

Қатысты Мақалалар