Алматыда Арбат маңында орналасқан ғимарат өртке оранды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Сайттың хабарлауынша тұрғын үйдегі дүкеннің төбесі өртенген. Өрт шалған аумақтың жалпы көлемі 30 шаршы метрді құрайды.
Алматы қалаық ТЖД баспасөз қызметі де аталған оқиғаны растап отыр. баспасөз қызметінің хабарлауынша, «101» нөміріне 2 ақпан күні 20.19 сағатта Жібек жолы көшесіндегі 81-үйде орналасқан дүкен өртеніп жатқандығы туралы хабар түскен. Бес минут шамасында оқиға орнына жеткен өртке қарсы қызмет мамандары тоғыз қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған «Mango» және «Gold Shop» дүкендерінің жабындылары жанып жатқанын анықтаған.
Өртті сөндіруге 30 адам мен 7 техника жұмылдырылған. Қауіпті аймақтан 52 адам, оның ішінде 12 бала эвакуацияланған.