Бармен тұтынушыларға шатастырып судың орнына натрий ерітіндісін құйып жіберген

/uploads/thumbnail/20170709200549321_small.JPG

Asknews агенттігі хабарлағандай, солтүстік Италиядағы Генуя қаласының бармені екі тұтынушыға судың орнына шатастырып улы натрий ерітіндісін құйып жіберген. Нәтижесінде ішкі ағзаларын күйік шалып, ауруханаға жеткізілді.   

Жергілікті мекеменің бірінде даяшы екі суға тапсырыс алған. Үстелдің үстінде тұрған екі бөтелкені шатастырып, улы натрий ерітіндісін қонақтарға құйып берген. Ол май мен кәріз жүйесін тазалауға пайдаланылады. Ол адам ағзасына түссе, денені  химиялық күйік шалады.

26 пен 24 жас аралығындағы жас жұп тамағы мен өңешінде қатты ауырлықты сезініп, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Жергілікті БАҚ таратқан мәліметке сай, денсаулығына ауыр зардап әкелінген жұптың танысы болып шыққан барменге қасақана емес денсаулыққа зиян тигізді деген айып тағылды. Бөтелкені сараптама жасауға жіберді.

 

Связанные Статьи