Сот CentralAsiaMonitor бас редакторы және Radiotochka.kz сайтының директоры Бигелді Ғабдулин ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кесімді сөзінің арқасында бостандыққа шыққанын айтты.
«Мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ризашылығымды білдіргім келеді. Нұрсұлтан Әбішұлының шешуші сөзінің арқасында мен бостандыққа шықтым. Қазақ әдебиетінің майталмандары Әдбіжәміл Нұрпейісов, Олжас Сүлейменов, Асанәлі Әшімов, Дулат Исабеков, Смағұл Елубаевтар қол қойған үндеуді қаперге алғаны үшін алғысым шексіз. Ең алдымен өзімнің достарыма, Астана қалалық мәслихатындағы әріптестерімізге ризашылығымды білдіремін. Қиын сәтте мені тастап кетпей, тек материалдық жағынан ғана емес, сонымен бірге моральдық тұрғыда қолдау көрсеткен барлық адамдарға ризамын», - деді Бигелді Ғабдуллин сот залынан босап шыққаннан кейін.
Естеріңізге сала кетейік, Бигелді Ғабдулинге Жамбыл облыстық әкімдігінен ол 10 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаржысын бопсалады деген айып тағылған.
Бүгін Бигелді Ғабдуллин 5 жылға бас бостандығынан шектелді. Сот CentralAsiaMonitor бас редакторы және Radiotochka.kz сайтының директоры сот залында қамаудан босатылды.
Журналистер арасында жауапқа тартылғандардың арасында Қазақстан журналистер одағының төрағасы, Ұлттық баспасөз клубы басшысы Сейітқазы Матаев пен ҚазТАГ ақпарат агенттігі бас директоры Әсет Матаев та бар. Матаев «қаржы жымқырды» және «салықтан жалтарды» деген айыптармен 6 жылға сотталды. Ал, оның ұлы ҚазТАГ агенттігінің директоры Әсет Матаев «қаржы жымқырды деген айыппен бес жылға сотталды.