ОҚО прокуратурасының алдында өзін өртеген кәсіпкер сотталды

/uploads/thumbnail/20170710082942379_small.jpg

Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының алдында өзін өртеген кәсіпкер сотталды. Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби аудандық соты 47 жастағы Нұркен Айнабекковты кінәлі деп тауып, үш жылға шартты жаза тағайындады, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сот отырысы барысында Нұркен Айнабековке Қылмыстық кодекстің  4- бабы бойынша айып тағылды. Істі қараған судья Еркебұлан Төлешов кәсіпкерді Қылмыстық кодекстің  190-бабы («Алаяқтық»), 411-бабы («Судьяға, алқабиге, прокурорға, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, сарапшыға, сот приставына, сот орындаушысына жала жабу), 385-бабы («Жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу») бойынша айыпты деп таныды.

Айта кетейік, Нұркен Айнабековке қатысты сот отырысы өткен  жылдың желтоқсан айында басталған болатын. Алайда, кәсіпкер өзін айыптаушыларға ашуланып, өзін өлтірмек болған. Ол сот отырысына барудың орнына облыстық прокуратура ғимаратының алдына келіп, өзін өртеп жіберген еді. Абырой болғанда сол жердегі қызметкерлер жалынды сөндіріп, жедел жәрдем шақыртқан. Мұндай қадамға кәсіпкер қатты ашуланған соң барғанын айтқан. Яғни, ол бірнеше жыл бұрын әкімдік тапсырысы бойынша амбулатория салып, нысандарды тапсырғанымен ақшасын ала алмай, сан сипап қалған. Содан бері полиция, прокуратура мен мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлеріне талай шағым жазғанымен, мойын бұрған ешкім болмапты. Керісінше кәсіпкерге 4-бап бойынша қылмыстық  іс қозғаған. Әділдік іздеп таппадым деп ашынған ол  ақыры осылай өз өмірімен қоштаспақ болды.

Денесінің 60 пайызын күйік шалған соң, өңірдің ішкі істер қызметкерлері «суицидке итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған еді. Ол ауруханадан шыққан соң сот отырысы қайта жалғасып, кәсіпкерге қатысты сот үкімі шықты.

 

Связанные Статьи