Көкшетауда жоғалған оқушы қыз 3 күннен соң табылды

    Nazerke Musa
    Көкшетауда жоғалған оқушы қыз 3 күннен соң табылды

    Көкшетауда осыдан үш күн бұрын мектеп оқушысы жоғалған болатын. 13 жастағы қыз үш күннен соң тастанды үйден табылды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасап.

    Александра Ткаченко 23 мамыр күні үйден шығып жоғалып кеткен. Оның жоғалғандығы туралы мәлімет полицияға  24 мамырда түскен.Облыстық  ІІБ-сы жоғалған қызды іздеу жұмыстарына барлық төтенше қызметтерін жұмылдырылған.

    Іздеу жұмыстары кезінде оқушы қыз тастанды үйдің ішінен табылған. №6 мектептің 5-сынып оқушысы өз апасымен бірге тұрғысы келмей үйден қашып кеткен.

    «Бұған дейін де қыз бірнеше рет үйден қашып кетіп отырғаны белгілі болды. Қазір оны арнайы мектепке көшіру туралы мәселе қарастырылуда»-дейді полицей қызметкерлері.

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025