Кока Коланың бұрынғы директоры Брайн Дайсонның 30 секундта айтқан лекциясы

/uploads/thumbnail/20170710090548976_small.jpg

Әлемге танымал сусын Кока Коланың директоры 30 секундтық лекция өткізген болатын. Аз ғана уақыттың ішінде көпшілікке ой саларлық ақыл айтты. 30 секундта айтылған өмірімізге керек қағиданы Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып оқырман назарына ұсынады. 

Өмірді әуеде жонглер ойнайтын 5 доп деп ойлайық. Бұл 5 доп:

1.ЖҰМЫС,

2.ОТБАСЫ,

3.ДЕНСАУЛЫҚ,

4.ТУЫС-ТУҒАН, ДОС-ЖАРАН, 

5.ЖАН ДҮНИЕ  деп аталады, сен оларды әуеде тоқтатып тұрсың. Сен көп ұзамай-ақ ЖҰМЫС-тың резеңке доп екендігін білесің. Егер резеңке доп жерге түсіп кетсе қайта секіріп өзі келеді. Ал қалған 4 доп, яғни Отбасы, Денсаулық, Туыс-туған, дос-жаран, Жан дүниең шыныдан  жасалған доп, егер олар жерге түсіп кетсе қайта жөндеуге келмей шытынап, сынып, бүлініп қалады. Ол доптар ешқашан алғашқы қалпына қайта келмейді. Осыны ерекше есте ұстау керек.

Жұмыс уақытын нәтижелі өткізіп үйіңе уақытында қайт. Отбасыңа, туыстарыңа, достарыңа жеткілікті уақыт бөліп жақсы  дем алып үйрен!

Шолушы: Әсел Өтешова

Оставить комментарий

Связанные Статьи