БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі КХДР-ге қарсы санкцияны күшейтті

/uploads/thumbnail/20170912122031276_small.jpg

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында ядролы сынақ өткізгені үшін Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды күшейту мәселесі талқыланды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап. Қарарды барлығы бірауыздан қолдады.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі КХДР-ға мұнай мен мұнай өндірісі, газ конденсаты экспортына шектеу қойды.

Бұған дейін КХДР СІМ, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Пхеньянға қатысты жаңа қарар қабылдаса АҚШ-қа жауап беретінін мәлімдеген.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан КХДР ядролы сынақ өткізгенін сынға алған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи