Ақмола облысы Ақкөл ауданында "WAKE UP 2017" жобасы аясында «Сара Назарбаева» атындағы саябақ» жобасы таныстырылады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жобаны «Устойчивое развитие» қорының президенті Алан Бесен таныстырды. Жобаны дайындауға «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» және Қазақстанның туроператорлары қатысты.
Жоба Ақмола облысы әкімі Мәлік Мурзалинге көрсетіледі. Жобаны іске асыру және саябақтың қашан ашылатыны кейінірек белгілі болады.