Мысыр мешіттерінің бірінде болған теракт салдарынан қазақ тапқандардың саны 305 адамға жетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. Содырлар жұма намазы кезінде бомбаны жарып жіберген, қашып құтылғысы келген адамдарды сырттағы екінші топ атып тастаған.
Соңғы мәлімет бойынша, қаза тапқан 305 адамның арасында 27 бала бар екендігі анықталды. Сонымен бірге 128 адам жарақат алды.
Қазақстан СІМ мәлімдегендей, біздің еліміздің азаматтары терактіде зардап шеккені туралы мәлімет түскен жоқ.
Оставить комментарий