Пенсильвания штатындағы университет, Наньян технологиялық университеті және Рио-де-Жанейроның Федералды университеті мен басқа да жеті ғылыми мекеме ғалымдарынан тұратын Халықаралық ғылыми топ шыбындардың адам үшін өте қауіпті бактерияларды тасымалдайтынын анықтады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін де шыбынның қауіпті бактерияларды тасымалдайтыны белгілі болған. Алайда ғалымдар шыбындардың одан да қауіпті бактерия тасымалдайтынын анықтады.
Ғалымдар Оңтүстік, Солтүстік Америкада және Еуразияда ұстап алынған ет және бөлмеде ұшып жүретін 116 шыбынның микробиомасына талдама жасады. Зерттеу нәтижесінде, бактериялардың көбі шыбындардың табанында және қанатында болатыны анықталды. Бөлме шыбындары 351 қауіпті микроағзаны тасымалдайтыны белгілі болды. Ал етке қонатын шыбындар – 316.
Ғалымдар зерттеу нәтижесін ескере отырып, шыбындардың бұған дейін тасымалдайтын аурулардан да қауіпті және көп ауру түрін тасымалдайды деген қорытындыға келген. Шыбын Helicobacter pylori бактериясын тасымалдайды. Одан көптеген ішек, асқазан аурулары пайда болады.
Оставить комментарий