Карантин жеңілдейді. Алексей Цой мәлімдеме жасады

    Мархабат Ілияс
    Карантин жеңілдейді. Алексей Цой мәлімдеме жасады Фото: Ашық дереккөз

    Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой   20 қазаннан бастап карантин шаралары жеңілдейтіні туралы айтты. Денсаулық министрі бұл туралы үкімет отырысында хабарлады.

    2021 жылдың 20 қазанынан бастап:

    Келушілер COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжатты немесе ПТР анықтамасын ұсынған кезде қарттар мен мүгедектер үйі, балалар үйі сияқты медициналық-әлеуметтік объектілердің пациенттеріне баруға рұқсат беріледі.

    Түнгі клубтардың қызметі тек "жасыл" мәртебесі бар адамдарға рұқсат етіледі, бірақ:

    • толымдылығы 50%-ға дейін, "жасыл аймақта" 100 адамнан артық емес;
    • "сары аймақта" 70 адамнан артық емес;
    • "қызыл аймақта" 50 адамнан артық емес болуы шарт.

    Ashyq жобасына қатысатын бизнес объектілерінің:

    •  жұмыс уақыты "жасыл аймақта" сағат 03-00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары - сағат 05-00-ге дейін, 
    •  "сары аймақта" сағат 01-00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары - сағат 03-00-ге дейін ұзартылады.

     

     

    Қатысты тегтер :

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025