Спорттық білім беруді жаңғыртудың бесжылдық кезеңі жаңа белеске көтерілді: Қазақ ұлттық спорт университеті салтанатты түрде ашылды

/uploads/thumbnail/20260702172158248_big.webp Фото:

Астанада Орталық Азиядағы спорт ғылымымен жоғары білікті мамандар даярлау бағытындағыең ірі білім беру жобаларының біріҚазақ ұлттықспорт университетінің ресми ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты шара New Era of Sport: KNUS 2026 халықаралық форумы аясында ұйымдастырылып, оған мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралықспорт федерацияларының басшылары, олимпиадалыққозғалыс мүшелері және академиялық қауымдастықөкілдері қатысты.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Туризм жәнеспорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Біріккен күресәлемі ұйымының (UWW) президенті Ненад Лалович, Халықаралық киберспорт федерациясының (IESF) президенті Влад Маринеску, Дүниежүзілік допингкеқарсы агенттіктің (WADA) өкілі Рафал Пехота, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың басшылары, шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері, ұлттықспорт федерацияларының жетекшілері, ғалымдар менсарапшылар қатысты.

Университетті соңғы бес жыл бойы жүйелі түрдежаңғырту жұмыстарының алғашқы кезеңініңаяқталғанын білдіретін маңызды оқиғажаңакампустың ашылуы болды. Осы уақыт ішінде оқуорны халықаралық әріптестігін кеңейтіп, ғылымиәлеуетін нығайтып, жоғары жетістіктер спорты, бұқаралық спорт және спорт индустриясы үшінмамандар даярлайтын заманауи білім беруэкожүйесін қалыптастырды.

Қазақ ұлттық спорт университетініңқұрылтайшысы Нұрасыл Медеу жаңа университеттіңашылуы Қазақстанда спорт саласына арналғанзаманауи білім беру және ғылыми платформанықалыптастыру жолындағы бес жылдық жүйеліжұмыстың нәтижесі екенін атап өтті. Оныңайтуынша, университет уақыт талабына жауапберетін білім ордасы ретінде құрылып, бүгіндехалықаралық деңгейде ел намысын қорғай алатынжаттықтырушыларды, ғалымдарды, спортдәрігерлерін, педагогтер мен спорт менеджерлеріндаярлайтын маңызды орталыққа айналып келеді.

«Бес жылдың ішінде университет білімгеұмтылыс, талант пен еңбек тоғысқан үлкенорталыққа айналды. Бүгін біз берік іргетасқалағанымызды мақтанышпен айта аламыз. Алдымызда бұдан да ауқымды жетістіктер, халықаралық мойындалу, ғылым мен спорттағыжаңа жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін. Қазақұлттық спорт университеті озық білім менинновацияның, болашақ чемпиондар мен елкөшбасшыларын тәрбиелейтін маңызды орталыққаайналады»,деді университеттің құрылтайшысыНұрасыл Медеу.

Шара барысында Біріккен күрес әлеміұйымының (UWW) президенті Ненад ЛаловичҚазақстанның әлемдік күрес спортының дамуынақосып отырған үлесін жоғары бағалап, халықаралықталаптарға сай спортшыларды, жаттықтырушылардыжәне спорт менеджерлерін даярлайтын заманауибілім беру базасының маңыздылығына тоқталды.

Өз кезегінде Халықаралық киберспортфедерациясының (IESF) президенті Влад Маринескуұлттық спорт университетінің ашылуы дәстүрліспорттың, цифрлық технологиялардың жәнеинновациялық білім берудің тоғысуына негізделгенжаһандық үрдістің айқын көрінісі екенін айтты. Оның сөзінше, бүгінгі таңда киберспорттың дамуымықты ғылыми және академиялық негізсіз мүмкінемес, ал Қазақ ұлттық спорт университетіменәріптестік болашақ мамандарды даярлауда жаңамүмкіндіктерге жол ашады.

Салтанатты рәсім аясында Біріккен күрес әлеміұйымының (UWW) президенті Ненад Лаловичкежәне Халықаралық киберспорт федерациясының(IESF) президенті Влад Маринескуға «Қазақ ұлттықспорт университетінің Құрметті профессоры» атағытабысталды. Сонымен қатар студенттердіңакадемиялық адалдықты, әділ бәсекелестікті, өзарақұрмет пен спорттық этиканы ұстануға дегенұмтылысын білдіретін Студенттер хартиясына қолқою рәсімі өтті.

Форум қонақтарына университеттіңинновациялық ғылыми зертханалары, ғылыми-зерттеу орталықтары мен білім беру хабтарытаныстырылды. Делегациялар цифрлықинфрақұрылыммен, заманауи спорт нысандарымен, ғылыми жабдықтармен және спортшылардыдаярлауға, ғылыми зерттеулер жүргізуге әріхалықаралық білім беру бағдарламаларын жүзегеасыруға арналған кеңістіктермен танысты.

Бүгінде Қазақ ұлттық спорт университеті текбілім беру мекемесі ғана емес, сонымен қатар жаңабуын мамандарын даярлайтын, спорт ғылымындамытатын, инновацияларды енгізетін және әлемніңжетекші спорт ұйымдарымен халықаралықынтымақтастықты нығайтатын халықаралық орталықретінде қалыптасып келеді. Бұл бағыт Қазақстанныңжаһандық спорт кеңістігіндегі беделін арттырып, халықаралық үздік тәжірибелерге негізделгензаманауи спорттық білім беру жүйесін дамытуғамүмкіндік береді.

Связанные теги :

Связанные Статьи