• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 12:10:52
Алматы
+12°

04 Тамыз, 2019

Көпбалалы ана алаяқ болып шықты

50 мың теңгеге жұмысқа тұрғызып бермек болыпты-мыс.

Атырау қаласында алаяқтық жасаған көпбалалы анаға сот үкімі шықты. Белгілі болғандай, көпбалалы ана дәл осындай әрекеті үшін бұрын сотты болыпты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу барысында әйелдің Атырау қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-на жұмысқа тұрғызамын деп 13 адамды сазға отырғызып кеткені анықталды. Олардың әрбірінен 50 мың теңгеден ақша алған. Ал қалған 20 мың теңгесін «жұмысқа кіруі тиіс адамдар» вахтадан қайтқасын беруге келіскен. Бірақ қолына ақша тиген әйел берген уәдесін ұмытып кеткен.

Әйел адам осы уақытқа дейін алаяқтық жасағаны үшін екі жыл бас бостандығынан айырылған екен.

Атырау қаласының №2 соты әйелді қылмыс жасағаны үшін ҚР ҚК «Алаяқтық» бабына сәйкес үш жылға бас бостандығынан айырды.

«Сот үкім шығарарда әйел адамның жасаған ісіне өкінетінін және кәмелет жасына толмаған алты баласы бар екенін ескерді. Сондай-ақ, ол алаяқтық жолмен алған ақшаларын өз иесіне қайтаруы тиіс», - деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір