• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
15 Қараша, 04:18:30
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

04 Қараша, 2019 Барлық аймақтар

«Ежелгі Рим» оқиғасы. Қазақ баласын өлтірген армяндарға үкім шықты

Жыл басындағы қаңтар айындағы қанды оқиғаны ешкім ұмыта қойған жоқ

Жылдың басында «Ежелгі Рим» мейманханасында болған адам өлімінен кейін басталған соталды тергеу жұмыстары аяқталып, бүгін   кінәлілерге үкім шықты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Атап айтар болсақ, Жаңа жыл түні «Ежелгі Рим» мейманханасында топтық төбелестің салдарынан қазақ баласы Жансейіт Рахымжан жан тапсырғаны белгілі.

Сонымен бұзақылық жасап, кісі өліміне алып келген оқиғаға басты кінәлі кім? Сот шешімімен Юсиф Нурулу  кінәлі деп танылып, ол 19 жылға сотталды. Ол өз айыбын орташа дәрежедегі қылмыстық атқару жүйесінде өтейді. Сондай-ақ осы оқиғаға қатысты кінәлілердің тағы бірі Нарек Гуруянды әлі күнге дейін ұстау мүмкін болмай отыр. Өйткені ол Ресей аумағына қашып кеткен. Бірақ 9 қаңтар күні ол Омбы облысының аумағында ұсталынғанымен, қылмыскер әлі Қазақстанға жеткізілген жоқ. Бірақ оған қатысты қылмыстық оқиға әлі де бөлек қаралатын болады. Жазасын алған армяндар мерзімін өтеп болған соң, 5 жылға дейін Қазақстанға кіргізілмейді.

Сонымен бір адам қайтыс болып, үш адам дене жарақатын алған оқиғаға қатысты қылмыстық іске нүкте қойылды. Атап айтар болсақ, 12 жігіттің қылмыстық іске қатысы бар делініп, олар жазасын алды. Ең үлкен жаза мерзімі -19 жыл. Одан кейінгілері 3-4,6 жыл аралығында қауіпсіздігі орта дәрежедегі қылмыстық атқару жүйесінде жазасын өтейді.

Сондай-ақ бұзақылық жасаған тағы екі армян қылмыстық жазадан босады. Олар жапа шеккен тараппен бітімге келіп, материалдық шығынды өтеп берген.

Ескерте кетейік, 1 қаңтарға қараған түні болған топтық төбелестің салдарынан Юсиф Нуругу Жансейіт Рахымжанға пышақ сілтеп, суық қару баланың балтырындағы қан тамырын қиып кеткені белгілі. Екінші рет пышақ сілтенгенде оның  ұшы қазақ баласының өкпесіне барып тиген. Қанның көп кетуі салдарына Жансейіт Рахымжан сол заматта көз жұмған.

Қарағандыны дүр сілкіндірген аталған қанды оқиғаға қатысты қаңтар айының басында қазақ белсенділері жиналып, кінәлілерді жазалауды талап еткені әлі ұмытыла қойған жоқ.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір