Денис Раструба мен Юлия Фиклистова жұптық фристайл-могулдан күміс жүлде жеңіп алды.
Алматыда «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында өтіп жатқан фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында отандық спортшылар күміс медальге ие болды.
Жұптық сында Қазақстан-2 командасы (Денис Раструба, Юлия Фиклистова) финалға жетіп, 28 ұпай жинады. Бірінші орынды АҚШ-2 құрамасы алса, үздік үштікті тағы америкалық жұп түйіндеді.
Пікір қалдыру