Калифорниядағы алапат өрт: 73 қазақстандық бары анықталды

/uploads/thumbnail/20250110153538630_big.webp

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" Калифорния штатында болып жатқан орман өрттеріне байланысты жағдай мұқият бақылауда екенін мәлімдеді.

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" мәліметінше, қазіргі таңда Калифорния штатында 73 стипендиат білім алуда, оның ішінде 56-сы "Болашақ" бағдарламасының, ал 17-сі ғылыми тағылымдама бағдарламасының стипендиаттары. Барлығы аман-есен, кураторлармен байланыста. "Стипендиаттар жергілікті билік органдарының ұсыныстарын орындап, жағдай туралы бізге жедел түрде хабарлап отырады. Біз университеттермен тұрақты байланыстамыз және кез келген өзгеріске жылдам әрекет етуге дайынбыз", – деп хабарлады "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ баспасөз қызметі. Орталық өкілдері барлық стипендиаты қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды. Олар төтенше жағдайларда Сан-Францискодағы Қазақстан Республикасының Консулдығына хабарласуларыңызды сұрады. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар