Тоқаев: Зейнатақы, мемлекеттік жәрдемақыға 10 пайыз қосылады

/image/2020/03/31/crop-59_8_490x653_c085064b-ffed-4001-ace8-808c6d6aff8e.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдайға және мемлекеттің экономика мен әлеуметтік саладағы дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдемесінде зейнетақы, жәрдемақы 10 пайызға артатынын айтты.

– Инфляцияның артуына байланысты, зейнатақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға индексациялауды тапсырдым, –  деді президент.

Сондай-ақ тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлікті тегін алатын азаматтар көбейеді. Мүгедектер және жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар да көмек ала алады. Тегін азық-түлік 800 мыңнан астам адамға беріледі.

Президент сонымен қатар 1 сәуірден 1 шілдеге дейінгі аралықта медициналық көмекті МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтар да ала алатынын атап өтті.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар