14 Мамыр, 2020 NEWS
Getty Images
Жерсеріктен түсірілген суреттерде Оңтүстік Қытай теңізінің солтүстігінде орналасқан стратегиялық аралдардағы Файер Крест рифінде Қытай әскери күштерінің күтпеген қозғалысы байқалған. Бұл туралы Қамшы тілшісі британиялық Daily Express басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
"Джейн ақпараттық тобы" деп аталатын қорғаныс барлау тобы "бұл – Қытай Азаттық Армиясы рифты әуе күштері операциясының базасы ретінде қолдана бастағанының бір белгісі болуы мүмкін" деп ескертті.
Джейн ақпараттық тобының негізгі сарапшысы Шон О'Коннордың айтуынша, онда кемінде үш бақылау ұшағы үшін орын бар, ал басқа ұшақтар ашық жерге қона алады.
Daily Express-тың ақпаратынша, Қытай көрші елдердің наразылығына қарамастан, халықаралық даулы сулардағы жасанды рифтер құрылысын бастап, аяқтауға бел буған.
Айта кетейік, соңғы кездері даулы аймаққа қатысты АҚШ одақтастары мен Бейжің арасында шиеленіс күшейе түсті. Вашингтон бір айдың ішінде екі рет соғыс кемелері мен әскери ұшақ тасушы кемелерін аймаққа жіберген.
Ал, бірнеше күн бұрын АҚШ ядролық бомбалаушы ұшақтарын Үнді-Тынық мұхиты аспанына жіберді. Вашингтонның бұл әрекетін халықаралық сарапшылар "Бейжіңге ашық қыр көрсету" деп атады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір