Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сәрсенбідегі хабарламасында "коронавирус жоғалмайды және адамзат онымен өмір сүруді үйренуі керек" деді. Бұл туралы Қамшы тілшісі Әл-Жазираға сілтеме жасап хабарлайды.
– Мұны айту өте маңызды: бұл вирус біздің қоғамымыздағы кезекті эндемиялық вирусқа айналуы мүмкін әрі бұл вирус ешқашан жойылмауы ықтимал. АИТВ жойылған жоқ, бірақ біз вируспен бірге өмір сүрудеміз,–деді ДДҰ төтенше жағдайлар сарапшысы Майк Райан онлайн брифингте.
–Менің ойымша, біз реалист болғанымыз маңызды. Бұл аурудың қашан жойылатынын ешкім болжай алмайды деп ойлаймын. Менің ойымша, бұл туралы уәде жоқ және мерзімдері де жоқ. Бұл ауру ұзақ уақытқа созылуы мүмкін немесе жоғалмайды,–деді Майк Райан.
Пікір қалдыру