• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:19:56
Алматы
+12°

Заңгер Айгүл Орынбек facebook-тағы парақшасында анасымен жанжалдасып, қол көтеруге дейін барған ер адамның видеосын жариялады. 

Заңгер оқиға Түркістан қаласында болғанын, видеодағы адам теріс ағымды ұстанатынын айтады.

"Рухани Астанамызда теріс дінге кіріп анасына, әйеліне қол көтеріп, балаларын ұрып соғып, қорқытып намаз оқытатын отбасы ойран болғандар қанша ма? Менің өзіме нақты соңғы екі жылда шағымданып келгендер саны он шақты. Әйелін тоқпақтап ұрып, одан анасына қол көтеру бұл енді шектен шығу! Ислам бұндай зұлымдыққа тәрбиелемейді! “Тазабекте адасты, ол мойындады, мен де адасқанымды мойындаймын”, деп отыр екен. Профилактика жұмыстарын жүргізген теологтарға өзінің енді тура жолға түсетінін айтыпты, қалай ойлайсыздар түседі ме? Тазабектің уағыздарын үйіп тыңдап, тәлім алған шәкірттердің бейнесін көріңіздер! Адасқан жолыңды табу оңай, жараланған ана жүрегін не істейміз?" делінген заңгер жазбасында. 
 
 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: түркістан ана бала

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір