Қарағандыда роупджампинг аттракционынан секірген әйел арқан үзіліп кетіп көз жұмды, деп хабарлады "Новый вестник" сайты.
Басылым мәліметінше, әйел "Созвездие" қонақ үйінің төбесіненде орналасқан биіктігі 30 метрлік аттракционнан секіргенде аттракцион арқаны үзіліп кеткен.
Әйел көптеген жарақатпен көпсалалы ауруханаға жеткізіліп, оған шұғыл түрде ота жасалғанымен, ол алған жарақатының салдарынан ауруханада қайтыс болды.
Әйел 33 жаста екені, артында үш баласы қалғаны хабарланды. Таныстары биіктіктен секіру оның хобби болғанын айтқан.
Қазіргі таңда аттракционның иесі мен оның қызметкерлеріне қатысты "Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қызметтерді көрсету" айыбы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Пікір қалдыру