Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып Талғат Момышев тағайындалды, деп хабарлады премьер-министрнің баспасөз қызметі.
Талғат Момышев 1968 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, Алматы экономика және статистика институтын тәмәмдаған.
Мамандығы бойынша біліктілігі: инженер-құрылысшы, бухгалтер-экономист.
1994-1996 жылдары – қазақ-түрік бірлескен кәсіпорнының атқарушы директоры.
2016-2018 жылдары –. ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
2018-2019 жылдары –. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.
2019-2021 жылдары – ҚР энергетика министрлігінің жауапты хатшысы.
2021 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін ҚР энергетика министрлігінің аппарат басшысы қызметін атқарды.
Пікір қалдыру