• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Қазан, 06:41:19
Алматы
+8°

фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Ақтаудағы білім ордаларында «Ұлттық рух, ұлттық сана» жаңа жобасы бастау алды. Ұлттық құндылықтарымызды насихаттауды мақсат еткен жоба аясында қаладағы бірнеше мектептің төрінде қазақтың киіз үйлері тігіліп жатыр. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мәлім етті. 

Қала әкімінің айтуынша, №21 орта мектепте орналасқан киіз үйде оқушы қыздар үшін түрлі қолөнер бұйымын, ал ұлдар үшін киіз үйді жығып, қайта тігуді үйрететін арнайы оқу курстары басталып кеткен.  

Басты мақсатымыз ұлтымыздың құндылығы, асыл мұрамызды кейінгі ұрпаққа жеткізу. Қазіргі таңда киелі шаңырақты жасайтын шеберлердің саны жоққа жақын. Дәстүрді үзіп алмау керек деген оймен, мектептегі оқушыларымызға осы істі үйрету үшін кішігірім макетіне тапсырыс берген болатынбыз. Әзірге екі мектепке орнатылды. Екіншісі №29 орта мектепке қойылады. Ұлттық үйлер кәсіпкерлердің қолдауымен алынды», - деді Нұрдәулет Қилыбай.

Айта кетейік, жобаның тұжырымдамасы Маңғыстау облысы қолөнершілер ассоциациясының басшысы, дәстүрлі қолөнерді дәріптеуші  Әуес Сағынаевамен бірлесіп жасақталды. Аталған жоба аясында наурыз айында қала әкімінің жүлдесі үшін мектептерде  «КИІЗ ҮЙ – FEST» шарасын ұйымдастыру жоспарланып отыр.

 Ұлттық рух, ұлттық санаҰлттық рух, ұлттық санаҰлттық рух, ұлттық сана

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір