Қарағанды облысында Қарағанды-Егіндібұлақ тас жолында вахта автобусы өртеніп кетті. Өртенген автобустың суреті әлеуметтік желіде жарияланды.
Автобус вахта жұмысшыларын тасымалдаған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жолаушылар мен жүргізуші көліктен шығып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ.
"31 қазан 15:46-да Қарқаралы ауданында "Қарағанды-Егіндібұлақ" тас жолының 30-шы шақырымында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Жалпы ауданы 24 шаршы метрді құраған вахта автобусы өртенді. Өрт 17:37-де сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ" делінген Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінде.
Өрттің шығуына электр сымының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Пікір қалдыру