Сайлауалды бағдарламасының орындалуы бақыланды

/image/2021/11/01/crop-58_14_326x435_111348335600.jpg

Шымкент қаласы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған Жол картасындағы іс-шаралардың орындалу барысын бақылау мақсатында «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Бектаеваның жетекшілігімен партия фракциясының жетекшісі қалалық маслихат депутаты Б. Тулегенов, фракция мүшелері қала маслихат депутаттары М.Жолдыходжаев, Б.Қыдырбаев, Л.Сулайманов қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында болды.

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша 13 тармақ бекітілген. Бүгінгі таңда, тармақтар бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып, 5 тармақ жоспарға сәйкес орындалған.

Атап айтқанда, басқармаға қарасты «Шапағат» мүгедектерге арналған оңалту орталығы» КММ-нің ішінен «Тең қоғам» секторы ағымдағы жылдың маусым айында іске қосылды. Балалар үйлерінің түлектерін әлеуметтік бейімдеп, жұмысқа орналастыру, 2000-нан кем емес жобаны іске асыру үшін 200 АЕК көлемінде гранттар ұсыну және кемінде 15 мың жасқа жастар практикасын өткізуге мүмкіндік беру қарқынды жүргізілуде. Сондай-ақ, көпбалалы жас отбасыларға арналған «Шаңырақ» психологиялық, құқықтық, кәсіптік кеңес беру институты іске асырылды.

Жол картасының 60-шы іс-шарасында 2021 жылға 14 233 азаматты тұрақты жұмыс орнымен қамту жоспарланып, бүгінгі күні орындалғанын жеткізді. 2021 жылы мемлекеттік және салалық бағдарламалар негізінде 23 722 жаңа жұмыс орындары (14 233 – тұрақты, 9489 – уақытша) ашылатыны жоспарланып, нақты 21 042жұмыс орны ашылды (88,7%) (13 050 орын (91,7%) – тұрақты, 7 992 орын (84%) – уақтыша жұмыс орны).

Алдағы уақытта қалған тармақтар бойынша жоспарға сәйкес жұмыстардың жүйелі әрі нәтижелі орындалуын партия тарапынан жіті бақылайтын болады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар