«Азаматтық қоғам, билік пен бизнес: серіктестік пен дамудың 30 жылдық белесі» атты конференциясы өтті

/image/2021/11/01/crop-58_28_329x439_111502416000.jpg

Шымкент қаласының әкімдігі Шымкент қаласының Азаматтық Альянсының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Азаматтық қоғам, билік пен бизнес: серіктестік пен дамудың 30 жылдық белесі» атты конференциясы өтті.

Алғашқы сөзді Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан алды. Жиынды Шымкент қаласының азаматтық Альянсының төрағасы Білісбеков Жумағали Даулетбекұлы жүргізіп отырды.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
- «Азаматтық қоғам институты: Саяси партиялар» тақырыбында «Nur Otan» партиясы ШҚФ төрағасының бірінші орынбасары Бектаева Жанар Әлібекқызы;
- «Елімізде азаматтық қоғамды жетілдірудегі болашақ педагогтарды бейіндеу жұмыстары» тақырыбында тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Сугирбаева Гульжан Даулетбекқызы;
- «Еліміздегі азаматтық қоғамның дамуы» тақырыбында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі» проректоры Философия ғылымдарының кандидаты, доцент Мажинбеков Сакен Аралбаевич;
- «Құқықтық мемлекеттің қалыптасуындағы азаматтық қоғамның рөлі» тақырыбында Саясаттану ғылымдарының докторы, профессор, Қоғамдық бірлестік «Саяси қауымдастықты зерттеу» Президенті Алияров Есенжол Каниевич;
- «Азаматтық қоғамның, жергілікті қоғамдастықтың дамуы – «Рухани Жаңғыру» бағыттарының бірі» тақырыбында «Рухани Жаңғыру» ӨЖК жетекшісі Оралбаева Зауре Абдухамитқызы;
- «Қазақстанда азаматтық қоғамды дамыту тәуелсіз мемлекетті құрудың тиімді» тақырыбында «Сана Сезім» ҮЕҰ бағдарламасының коррдинаторы Закутняя Вера Сергеевна.

- Кездесу соңы, конференция қарарын қабылдау бойынша «Саяси қауымдастық» қоғамдық бірлестігі, «Шымкент адалдық алаңы» және «Рухани Жаңғыру» меморандумға қол қоюға ұласты.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар