• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 15:47:59
Алматы
+8°

Ақтөбе облысы әкімнің баспасөз қызметі

Осы жылдың тоғыз айы ішінде Ақтөбе облысына 558 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

«Өңірлер арасында алғашқы бестіктеміз. Нақтылап айтсақ төртінші орынды иемденіп отырмыз. Инвестиция тарту өңіріміздің дамуына қосымша серпін береді. Осыған байланысты облыста қолайлы инвестициялық климат құру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Ал, жыл соңына дейін 800 млрд. теңгеден астам инвестиция тартуды жоспарлаудамыз. Оның алғышарттары жасалды»,- деді Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Инвестициялық жобалардың ішіндегі ірілері – «Актобе ТЭЦ» АҚ-ның жылу-электр орталығын жаңғырту жобасы, құны 20 млрд. теңге; «West Smart Trading» ЖШС-нің құны 13,8 млрд. теңге болатын мәліметтерді өңдеу орталығы, «Gas Processing Company» ЖШС-нің құны 5,4 млрд. ​ теңге болатын газды кешенді дайындайтын қондырғыны қалпына келтіру жұмыстары.

Шағын және орта бизнес саласының дамуында да оң динамика байқалады.

«Президент өз Жолдауында пандемия кезінде бизнесті қолдау шаралары өзінің тиімділігін дәлелдегенін атап өтіп, осы бағдарламаларды одан әрі де жалғастыруды тапсырды. Жалпы Ақтөбе облысында кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. 9 айдың қорытындысы бойынша 2,5 мыңнан астам шағын орта бизнес жобалары қолдау тапты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп»,- дейді О.Оразалин.

Жыл соңына дейін шағын және орта бизнестің 3,3 мыңдай субъектісін мемлекеттік қолдау шараларымен қамту жоспарланып отыр.

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ақтөбе

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір